Туризм • 12 Июля, 2022

Оралда төрт жасар бала терезеден құлап кетті

3776 раз показано

Оралда төрт жасар бала екінші қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін сағат 09:54-те 5-шағын аудандағы бес қабатты үйде болды.

«Ата-анасының қарауынсыз қалған төрт жасар ұл бала екінші қабат терезесінен құлап, ауруханаға жатқызылды. Алдын ала мәлімет бойынша жағдайы орташа, жабық бас-ми жарақатын алып, миы шайқалған. Маңдай тұсы көгеріп, сол жамбасы сынған. Ішінен жабық жарақат алған. Оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы (3 адам, 1 техника) барды», деп хабарлады департаменттен.



Последние новости

«Қызыл» аймақта бірде-бір өңір қалған жоқ

Коронавирус • 13 Декабря, 2021

Спорт будет доступен для всех!

Регионы • 12 Августа, 2021

Зоопарку Шымкента – 41 год!

Регионы • 26 Июня, 2021

Героиня нашего времени

Интервью • 16 Июня, 2021

Похожие новости